Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ , Экономика және бизнес жоғары мектебі «Экономика» кафедрасы доценті Бейсенбаев Жақсылық Темірболатұлы 2011 жылдың 1-ші қыркүйегінен бастап 1.0 еңбек жүктемесінде кафедрада доцент қызметінде 31 тамыз 2012 жылға дейін қызметінде жұмыс істеуіне ұсынады. Бейсенбаев Жақсылық Темірболатұлы - Алматы Халық Шаруашылығы Институтының жоспарлы-экономикалық факультетін бітірген, мамандығы экономист. Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ-нің аспирантурасын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. 1992-1993 жылдары ҚР Экономика Министрлігі жанындағы Экономика және нарықтық қатынастар ҒЗИ-да Аға ғылыми қызметкер, 1993-2000 жылдары Абай атындағы АМУ-де аға оқытушы, 2001 жылдан бері әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде аға оқытушы, доцент қызметін атқарады. 17-ден астам ғылыми мақалалары жарық көрген. Оның ішінде 1 монография , 3 оқу құралы (бірлескен) және 2 брошюра. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің баспасынан шыққан экономикалық мамандықтың бакалаврлары мен магистрлеріне арналған оқу құралдары: • «Білім беру модернизациясының әлемдік тәжірибесі», оқу құралы, Алматы, «Қазақ университеті», 2006ж. (бірлескен). • «Тиімді менеджмент тәсілдері мен модельдері» оқу құралы. Алматы, «Қазақ университеті», 2008ж. (автормен бірге). • Экономика және өндірісті ұйымдастыру (Т.С.Сарбасовамен бірге), Алматы, «Қазақ университеті», 2010ж. Оқитын дәрістері: «Экономикалық теория», «Экономиканы мемлекеттік реттеу», «Экономикалық білім негіздері» «Нарықтық инфрақұрылым экономикасы» «Аграрлық сектор экономикасы». Оқу жұмыс бағдарламалары мен емтихан тесттерін жасауда және құрастыруда тәжірибелері бар. Студенттердің дипломдық жұмысына ғылыми жетекшілік етеді. Экономикалық саладағы кадрлардың біліктілігін жоғарылату курстарынан өткен: «Тұран» университеті – «Экономикалық теория» (2002жыл), әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті – «Экономикалық теория» (2002жыл) және «Білім саласындағы басқару сапасы» (2008жыл). «Қазақстан Республикасы Әділет органдары мемлекеттік және өзге ұйымдары, қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты» мекемесінің Алматы филиалында Экономика пәндері бойынша біліктілігін жоғарылатты (2011жыл). Сертификаттары бар. Университеттің, кафедраның ғылыми және қоғамдық өмірлеріне белсене араласады. Кафедрада студенттік топта куратор-эдвайзер міндетін атқару қызметі жүктелген. Факультеттегі жас ғалымдардың конференцияларына, республикалық және халықаралық конференцияларына қатынасады. Ж.Т.Бейсенбаев мұғалімдер мен студенттердің арасында құрметке ие.
Образовательное учреждение |
Квалификация |
Дата окончания |
---|---|---|
Алма-Атинский институт народного хозяйства |
Высшее |
1991 |
Наименование ученой степени |
Область науки |
Дата выдачи диплома |
---|---|---|
Кандидат |
Экономические науки |
26.03.2010 |
1
документам
1